Асланбек Кәкімов: Алматыға тек жеңіс үшін келеміз
Қазақстан премьер-лигасының басталуына екі күн қалды. Алғашқы турдың орталық кездесуі алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында өтеді.
<span> Осы ойын қарсаыңда ақтөбелік команданың жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов клубтың каналына берген сұхбатында Алматыға тек жеңіс үшін келетіндерін жеткізді. </span>
<span>«Біріншіліктің басталуына бір екі күн қалды. ОЖЖ жақсы өтуде. Шымкентте ауа-райы қолайлы болғандықтан екі жыл қатарынан осында дайындалып жатырмыз. Құрама жаңа деп айтсақ болады. Бір-бірімізді енді жақсы түсінісіп, біріншілікке жақсы дайындықпен шығайық деп тұрмыз. Құдай қаласа «Қайратқа» қарсы жақсы ойын көрсетеміз. Бұйырса Алматыға жеңіспен оралуға барамыз. Жеңісті алып кету үшін бар күшімізді салып, керекті нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін. Жанкүйерлерге айтарым бізге демеу болып, қолдап жүре берсін. Біз өз тарапымыздан алаңда жақсы ойын көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», - деді «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы. </span>
<span></span>
<span>Естеріңізге салайық, «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы ойын 8-ші наурыз күні Алматының орталық стадионында өтеді. </span>