Тайфун Коркут «Байердің» жаттықтырушысы атанды
Коркут Германияда «Ганновер» мен «Кайзерслаутерн» командаларын жаттықтыру арқылы танылған.
42 жасар түркиялық маманмен келісім-шарт маусым соңына дейін жасалды. 5-ші наурыз күні «Байер» бас бапкері Роджер Шмидты қызметінен босатқан болатын. Ол «Байерді» 2014-шы жылдан бастап жаттықтырған.
«Байер» Германия Бундеслигасында 30 ұпай жинап 10-шы орында келеді. Леверкузендік команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалында алғашқы кездесуде «Атлетико» командасына өз алаңында 2-4 есебімен ұтылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или