Ауыр атлетика. Қазақстан чемпионаты және кубогы аяқталды

Ауыр атлетика. Қазақстан чемпионаты және кубогы аяқталды

Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер және ерлер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы мен чемпионаты өз мәресіне жетті.

 

Бес күнге созылған жарыста еліміздің 150 зілтемірші мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысының ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысының командасы екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды қанағат тұтты. Ал әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары жеңімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді. 

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей: 
48 келі әйелдер: 
1. Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80) 
2. Гүлнұр Ыбырай (Алматы) - 126 (57+69) 
3. Наталья Бедрик (Алматы) - 125 (57+68) 
53 келі әйелдер: 
1. Әсел Амангелді (Алматы) - 175 (78+97) 
2. Александра Лачкова (Алматы) - 163 (76+87) 
3. Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) - 142 (62+80) 
58 келі әйелдер: 
1. Сәуле Сәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110) 
2. Лидия Ануфриева (ШҚО) - 183 (83+100) 
3. Мадина Астамирова (ШҚО) - 180 (82+98) 
63 келі әйелдер: 
1. Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110) 
2. Екатерина Долгих (ШҚО) - 165 (70+95) 
3. Елизавета Белоусова (ШҚО) - 160 (70+90) 
69 келі әйелдер: 
1. Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120) 
2. Анжела Чалкарова (Алматы) - 193 (85+108) 
3. Екатерина Быкова (ШҚО) - 178 (78+100) 
75 келі әйелдер: 
1. Раушан Мешітханоа (Алматы қ.) -212 (102+110) 
2. Диляра Пржанова (Қызылорда) - 152 (67+85) 
3. Анеля Сумбембаева (ШҚО) - 146 (65+81) 
90 келі әйелдер: 
1. Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100) 
2.Нұрай Касеналы (Алматы қ.) - 143 (65+78) 
3. Индира Кеңесбекова (Қызылорда) - 137 (58+79) 
+90 келі әйелдер: 
1. Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135) 
2.Айзада Мүптілда (Алматы қ.) - 236 (101+135) 
3. Данагүл Исапа (Алматы қ.) - 195 (85+110) 
56 келі ерлер: 
1. Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115) 
2. Аян Байзаков (Қостанай) - 202 (87+115) 
3. Рахат Бисембаев (ШҚО) - 187 (81+106) 
62 келі ерлер: 
1. Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150) 
2. Әділбек Балхаев (Қызылорда) - 259 (124+135) 
3. Ерболат Жоламанов (Қызылорда) - 237 (105+132) 
69 келі ерлер: 
1. Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160) 
2. Александр Ким (Алматы қ.) - 264 (123+141) 
3. Айдос Тұрсынбай (Қызылорда) - 260 (120+140) 
77 келі ерлер: 
1. Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182) 
2. Айдар Казов (СҚО) - 325 (140+185) 
3. Андрей Снегуров (Қарағанды) - 299 (134+165) 
85 келі ерлер: 
1. Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182) 
2. Медет Джундубаев (Алматы) - 308 (138+170) 
3. Кирилл Староверкин (Қарағанды) - 290 (136+154) 
94 келі ерлер: 
1. Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185) 
2. Аят Әмірбеков (Қызылорда) - 330 (145+185) 
3. Дәулет Мырзахметов (Алматы қ.) - 315 (140+175) 
105 келі ерлер: 
1. Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211) 
2. Алихан Шайхиддинов (ОҚО) - 341 (155+186) 
3. Ильдар Миннияров (Қостанай) - 330 (145+185) 
+105 келі ерлер: 
1. Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197) 
2. Евгений Колесников (ШҚО) - 285 (125+160) 
3. Игорь Полозов (ШҚО) - 263 (113+150)

Айта кетейік, 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок берілді. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды. Сонымен қатар, Рүстем Сыбай мен Әсем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или