Аллегри «Арсеналмен» келісім жасағанын жоққа шығарды
«Ювентус» клубының бас бапкері Массимилиано Аллегри «Арсеналға» ауысады деген ақпаратты италияндық команданың бапкерінің өзі жоққа шығарды. <br />
«Қайталап айтамын, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Екіншіден, егер расымен солай болған жағдайда бірінші болып «Ювентус» басшылығы құлақдар болар еді. Болашақта менің қайда жұмыс жасайтынымды тек мен ғана шешпеймін. Шешімді «Ювентуспен» бірлесе қабылдаймыз. Себебі мен осы клубта жұмыс істегем әлі де жұмыс жасаймын», - деген Аллегридің сөзін Goal.com сайты келтіреді.
Бұдан бұрын Массимилиано Аллегри «Арсеналмен» ауызша келісімге келді деген ақпарат тараған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или