«Алтын бутсы» кімге бұйырады?
Футбол жанкүйерлері арасында «Алтын доппен» қатар «Алтын бутсы» иегері де үлкен құрметке ие.
1968-ші жылдан бастап беріліп келе жатқан бұл жүлдеге маусым барысында ең көп гол соққан футболшы ие болады. Дегенмен, 1997-ші жылдан бастап ойнайтын біріншілікке байланысты гол санау жүйесі өзгерген. Біріншіліктің деңгейіне қарай гол салған голдардың құны да әртүрлі. Мысалға, Англия, Испания, Германия, Италия немесе Португалия чемпионатында ойнасаңыз соғылған голдардың саны екіге көбейтіліп есептеледі. Ал УЕФА коэфиценттер тізімінде 5-21 арасында орналасқан елдердің өкілдерінің голы 1,5 есеге көбейеді. Ал одан төмен орналасқан елдердің ойыншылары салған бір голы бір ұпайды құрайды. Бұл санау жүйесін қолдайтындардың қатары көп.
Сонымыен биылғы Еуропаның ТОП біріншіліктерінің аяқталуына 11-12 тур қалды. Ол дегеніміз «Алтын бутса» иегерінің анықталуына да бірнеше тур қалды дегенді білдірсе керек.
Биылға маусымда «Алтын бутсы» үміткерлері арасында көш бастап келе жатқан ойыншылардың ондығын ұсынамыз.
1-орын Лионель Месси «Барселона» Аргентина. 23 гол – 46 ұпай.

2-ші орын Андреа Белотти «Торина» 22 гол - 44 ұпай.

3-ші орын Пьер-Эмерик Обамеянг «Боруссия» Габон 21 гол - 42 ұпай.

4-ші орын Эдинсон Кавани ПСЖ Уругвай 27 гол - 40,5 ұпай.

5-ші орын Луис Суарес «Барселона» Уругвай 20 гол - 40 ұпай.

6-9-шы орын: Роберт Левандовски «Бавария» Польша 19 гол - 38 ұпай.

6-9-шы орын: Харри Кейн «Тоттенхэм» Англия 19 гол - 38 ұпай.

6-9-шы орын: Эдин Джеко «Рома» Босния және Герцоговина 19 гол - 38 ұпай.

6-9-шы орын: Гонсало Игуаин «Ювентус» Аргентина 19 гол - 38 ұпай.

18 гол соғып 36 ұпай жинаған ойыншылар қатарында Криштиану Роналду, Ромелу Лукаку, Бас Дост және Дрис Мертенс бар.
Өткен жылғы «Алтын бутсы» жүлдесі «Барселона» шабуылшысы Луис Суареске бұйырған болатын. Ол сол маусымда 40 гол ұрып 80 ұпай еншілеген. Жалпы алғанда, «Роналду мен Месси дәуірінде» екеуіне «Алтын бутсыға» таласта бәсекелес болып жүрген дәл осы уругвайлық шабуылшы ғана.
Биылғы маусымда осы аталған ойыншыларды қуып жетіп болмаса басып осатын ойыншы әзірге көрінбейді. Мүмкін енді басталатын Қазақстан Премьер-лигасынан Месси мен Суарестергі бәсекелес бола алатын ойыншы шығар. Жерар Гоу мен Жуниор Кабанангадан ерлік күтеміз...