Былтыр ЕУРО-да ойнаған футболшы «Қайратқа» ауысты

Былтыр ЕУРО-да ойнаған футболшы «Қайратқа» ауысты

«Диошдьердің» жартылай қорғаушысы Акош Элек «Қайрат» сапына қосылады. Бұл туралы венгриялық клубтың ресми сайты жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, 28 жастағы ойыншы Қазақстанға жексенбіде ұшып келген.

«Бұрын шетелде ойнағым келетінін жиі айтатынмын. Батыс Еуропаға барғым келген, алайда жақсы ұсыныс болған жоқ. Қазақстандық лига өте мықты, бұл өзімді көрсетуге жақсы мүмкіндік», - деді Элек.

Футболшы бұған дейін «Казинцбарцика», «Видеотон», «Диошдьер» және «Чанчунь Ятай» сапына ойнаған. Венгрия құрамасында 40 матч өткізді. Былтыр Еуропа чемпионатында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или