«Ақтөбеде» украиналық жартылай қорғаушы байқауда жүр

«Ақтөбеде» украиналық жартылай қорғаушы байқауда жүр

Украина жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушы Александр Ермаченко «Ақтөбеде» байқауда жүр.

Ақтөбелік қорғаушы Берік Айтбаев Instagram желісінде Ермаченкомен бірге түскен сурет жариялады.

24 жастағы футболшы мансабын украиналық «Скалада» бастаған. Артынша «Динамо-2» (Киев), «Сталь Д», «Сумы», молдавалық «Заря» клубтарында өнер көрсетті. Оның соңғы командасы грузиялық «Загдуди» болған.

Ермаченко кезінде Украина жасөспірімдер құрамасында ойнаған. 2011 жылы Гранаткин Мемориалына қатысып, украиналық футболшы үздік жартылай қорғаушы атағын алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или