Соарес «Ордабасыға» ауыспайтын болды
«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Бруно Соарес еркін агент атанды.
Соарес биылғы маусымды «Ордабасы» сапында өткізуге жақын болған, шымкенттік клубпен бірге жиын өткізіп, келісім-шартқа отыру туралы ұсыныс алған еді. Алайда Бруноның айтуынша, оған жеке мәселелері бойынша Германияға кетуге тура келген. Енді ол өзінің ресми түрде еркін агент екенін айтты.
Инстаграмда жазған жазбасында ол «Ордабасы» мен оның президенті Бақтияр Байсейітовке алғысын білдірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или