Мужиков: Биыл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға тырысамыз

Мужиков: Биыл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға тырысамыз

«Астананың» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков Prosports.kz сайтына жаңа маусымға дайындығы жайлы айтып берді.

- «Астана» жаңа маусым алдында екі оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Дубай мен Түркияда өткен ОЖЖ туралы айтып берсеңіз...

- Биыл екі жиын да жоғары деңгейде өтті. Командаластар атынан клуб басшылығына ОЖЖ-ны жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді. ОЖЖ-да жаңа маусымға тыңғылықты дайындалдық. Бапкерлер бізді аса қатты қинаған жоқ.  

- «Астана» оқу-жаттығу жиынында бірқатар жолдастық ойындарға қатысты. Қай матч сіз үшін ауыр болды?  

- Нақты қай ойын ауыр болғанын айта алмаймын. ОЖЖ-дағы қарсыластарымыз тәжірибелі болды. Сондықтан арасынан бір матчты таңдау қиын. Ең бастысы, бұл кездесулердің біреуінде де ұтылмадық.

6b9976854feba1c1e0294e37bcc56d5f.jpg

- ОЖЖ-да әр түрлі позицияда өнер көрсеттіңіз. Өзіңізге алаңның қай тұсында ойнаған ұнайды?

- Бұған дейін қорғаныстың сол қапталында ойнағанмын. Соңғы жылдары бас жаттықтырушы мені түрлі позицияларға қойып жүр. Оған да үйреніп кеттім. Жалпы бас бапкер қай позицияға қояды, сонда ойнауға дайынмын.  

- Жаңа маусым алдында командаға жаңа ойыншылар қосылды. Олардың мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Жоғары бағалаймын. Командаға қосылған әр ойыншымен тіл табыстық. Біз әр футболшыны жылы қарсы аламыз.  

- Биылғы маусымға қойған мақсатыңыз қандай?

- Менің бастым мақсатым – жақсы ойын көрсету. Жаңа маусымда чемпиондық атағымызды сәтті қорғап, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға тырысамыз. Осы мақсатқа жету үшін бізге жанкүйерлердің қолдауы қажет. Барша футбол жанкүйерлерін жаңа маусымның басталуымен құттықтағым келеді.  

Фото "Астана" ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или