Владимир Плотников: «Астана» біз үшін – негізгі қарсылас

Владимир Плотников: «Астана» біз үшін – негізгі қарсылас

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Владимир Плотников Қазақстан Суперкубогында «Астана» футбол клубына қарсы матч (2:0) жайлы пікірін айтты.

- Менің де, бүкіл команданың да эмоциялары қалыпты – қатарынан екінші рет Суперкубокты жеңіп алдық қой. «Астана» біз үшін – негізгі қарсылас. Оларға қарсы екі есе дайындықпен шығамыз. Маусымды жеңіспен бастауымыз психологиялық тұрғыда маңызды.

- «Орталық» стадионның көгалы ойынға кедергі келтірмеді ме?

- Олай деп ойламаймын. Мұндай жағдай үшін сапасы жақсы. Әрине, шөп барлық жерде болды деуге келмес. Бірақ футболшылардың аяғы тайып, сырғанақ болған жоқ. Маңыздысы осы.

- Төрешілердің шешімдері түрлі дау шығарды...

- Мұндай сұрақтарға жауап бере алмаймын. Бәрін кәсіпқойлар шешсін, арнайыланған комиссия бар шығар.

- Стас Покатилов командамен келісім-шартқа отырды. Бірақ бүгін сіз негізгі құрамда шықтыңыз. Владимир Плотников «Қайраттың» негізгі қақпашысы деп айтуға бола ма?

- Жоқ, қазір біз бір деңгейдеміз. Мүмкіндігіміз бірдей. Негізгі құрамдағы орын үшін бәсекелесеміз, бірақ бапкерге керегі осы деп ойлаймын. Бүгінгі ойында мен шықтым, бірақ болашақ туралы ештеңе білмеймін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или