«Барселона» «Сельта» қақпасына жауапсыз бес гол соқты

«Барселона» «Сельта» қақпасына жауапсыз бес гол соқты

Испания Пирмерасының 26-шы турындағы «Барселона» «Сельта» кездесуі алаң қожайындарының ірі жеңісімен аяқталды. Месси екі гол соғып екі голдық пас берген ойында 5-0 есебі тіркелді.

Осы жеңісінен кейін «Барселона» турнирлік кестеде қайтадан бірінші орынға шықты. Дегенмен, екінші орындағы «Реал» басты қарсыласынан бір ойын кем өткізген.

Испания чемпионаты

26-шы тур

«Барселона» – «Сельта» – 5:0 (2:0)

Голдар: Месси, 24 (1:0). Неймар, 40 (2:0). Ракитич, 57 (3:0). Юмтити, 61 (4:0). Месси, 64 (5:0).

Ескерту алғандар: Бускетс, 20. Кабраль, 36. Радоя, 38. Гомес, 49.

«Барселона» : тер Штеген, Серхи Роберто (Иньеста, 67), Пике, Юмтити, Жорди Альба, Ракитич, Бускетс (Маскерано, 61), Рафинья, Месси, Л.Суарес, Неймар (Д.Суарес, 70).

«Сельта»: Серхио Альварес, Мальо, Кабраль, Гомес, Хонни, Аспас, Ронкалья, Радоя, Васс (Диас, 68), Бонгонда (Систо, 51), Гвидетти (Хосабед Санчес, 62).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или