Хабиб Нұрмагамедов өтпей қалған жекпе-жегі жайлы пікірін айтты
Ресейлік файтер Хабиб Нұрмагомедов (24-0) UFC 209 «уақытша» чемпионы атағы үшін америкалық Тони Фергюсонмен (22-3) өтуі тиіс болған жекпе-жегінің кейінге қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vringe.com.
«Қолымнан келгенді жасап, күн сайын жаттықтым. Таңнан кешке дейін дайындалып, өмірімді арнадым. Жұдырықтасып, жанкүйерлерімді қуантқым келеді. Маған тәуелсіз нәрселерді орындай алмаймын», - деді Хабиб.
Хабиб жанкүйерлеріне алғыс айтты.
«Қолдап отырған жанкүйерлеріме, әкеме, жаттықтырушылар штабына, спарринг-серіктестерге және достарыма алғыс айтамын. Басынан бері қасымда болғандарыңыз үшін рақмет. Барлығы қазір менімен бірге. Қолда барға шүкір етемін. Бастысы отбасың, туысың, жақындарың екенін білдім. Қалғаны айтарлықтай маңызды емес. Қолдағандарыңызға мың да бір алғыс», - деді файтер.
Еске салайық, Хабибтің салмақ қуып әлсіреп ауруханаға түсуіне байланысты жекпе-жегі өтпей қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или