Исаэль: УЕФА Кубогында «Қайратқа» жанкүйерлік етемін

Исаэль: УЕФА Кубогында «Қайратқа» жанкүйерлік етемін

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исаэл «Астанаға» қарсы ойын жайлы пікірін айтты.

- «Астананы» жеңуіміз өте маңызды болды. Оның үстіне, бұл бірінші ойынымыз. Жеңіске жетуге екі себебіміз болды: бұл титул және «Астананың» өзін ұту.

- «Астана» қысымды көп жасады, ойнау қиын болды ма?

- Қысым жасайтынын білдік. Біз үшін қалыпты. Бапкерлік штабтың барлық нұсқауын орындадық. Бақытымызға орай, жеңімпаз атандық.

- Команданы Жуков пен Иличевич толықтырды, бәсекелестік бар ма?

- Ойыншы үшін бәсекелестіктің болғаны маңызды. Бұл ұмтылысты арттырады. Чемпионат ұзақ, енді-енді басталып жатыр, барлық ойыншы керек болады. Кез келген жағдай болуы мүмкін.

- Бүгін футзалдан УЕФА кубогының жеребесі тартылды. «Қайраттың» мүмкіндігіне қандай баға бересіз?

- «Қайратқа» жанкүйерлік етемін. Чемпион болады деп үміттенемін. Ойындарға келуге тырысамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или