Андрей Аршавин: Бородюкпен міндетті түрде кездесемін

Андрей Аршавин: Бородюкпен міндетті түрде кездесемін

«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Суперкубогының матчы жайлы пікірін айтты.

- Андрей, Суперкубоктағы жеңісіңізбен құттықтаймыз. Бұл - Қазақстандағы алғашқы жүлдеңіз. Маусымды «Астанаға» қарсы ойынмен бастау қиын болды ма?

- Құттықтауларыңызға рахмет. Матчқа келер болсақ, бірінші тайм тең дәрежеде өтті деп санаймын. Өз ойынымызды бір ретке қоя алмадық, «Астана» допқа иелік етуімізге мүмкіндік бермеді. Пасты алыстан беруге тырыстық, бірақ мұндай кездерде «Астана» суда жүзген балықтай ғой. Екінші таймда допты өзімізде ұстауға тырыстық. Бақытымызға орай, гол соқтық. Кейін қақпашымыз құтқарып қалды. Артынша екінші голымызды соқтық. Жалпы, көңіліміз толады.

- Матчты Александр Бородюк тамашалады. Ойыннан кейін кездесе алдыңыздар ма?

- Кездесе алмадық. Бірақ бүгін кешке ұшып кетпесе, міндетті түрде кездесеміз.

- Бородюк Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстағанын естігенде қандай әсерде болдыңыз?

- Бұл туралы білген жоқпын. Таң қалдым. Бұл жөнінде онымен сөйлеспеген едік. Қасындағы адамдармен сөйлестім. Олардың айтқаны мынау: «Сіздерді құттықтайық па, жоқ па? Білмейміз. Себебі бұл оңай жұмыс емес» (күліп).

- «Қайрат» екі таймды әр түрлі өткізгенін айттыңыз. Үзілісте Кахабер Цхададзе не деді?

- Өз ойынымызды көрсетуімізді сұрады. Допты әуелете беруімізді азайту керектігін айтты. Жермен ойнау керек деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или