Қытайлықтардың ақшасы «Миланды» сатып алуға жетпеді

Қытайлықтардың ақшасы «Миланды» сатып алуға жетпеді

Италиялық «Милан» клубының қытайлық инвесторларға сату процессі 31 наурызға шегерілді.

Бұл жайлы «Милан» клубының вице-президенті Адриано Галлиани мәлімдеді. Сильвио Берлусконидің «Финиинвест» холдингі қытайлық инвесторларға клубтың 99,9% акциясын сатпақ. 320 миллион еуро құраған келісім 3 наурыз күні жүзеге асуы тиіс еді. Алайда, қытайлық компанияның қаржысы болмағандықтан келісімге қол қойылмады. Қытайлықтар Берлускониге 100 миллион еуро ұсынған, ал Сильвио аз ақшаға сатудан бас тартты.

«Келісімнің шарттары орындалмады, сол себепті қазірге аяқталуы мүмкін емес», - деді Галлиани.<br /><br /> Айта кетейік, «Милан» клубының сатылу қүны 740 миллион еуроға бағалануда.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или