Жеңіл атлетикадан Азия Гран-приіне алты спортшымыз аттануы мүмкін

Жеңіл атлетикадан Азия Гран-приіне алты спортшымыз аттануы мүмкін

Сәуір айының соңында Қытайда және Тайбейде өтетін жеңіл атлетикадан Азияның Гран-при жарысына 6 қазақстандық спортшы аттанады деп жоспарлануда.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қазақстан атынан қай спортшының аттанатындығын Азияның жеңіл атлетика қауымдастығы шешеді.

Гран-придің бірінші және екінші кезеңдері Қытайдың Джиахинг (24 сәуір) және Джинхуа (27 сәуір) қалаларында өтеді. Үшінші кезеңнің өткізілетін жері ретінде Тайбей (30 сәуір) таңдалып отыр.

Азия Гран-при додасы - жеңіл атлетика спорт түрлерінің әрқайсысына тек 8 спортшыдан шақырылатын беделді жарыстардың бірі. Іріктеу азиялық рейтингке байланысты өтеді. Оған үздік сегіздіктегі спортшылар ғана қатыса алады.

Қатысушыларды таңдаудың осы теxнологиясына қарайтын болсақ, Азия Гран-при жарысына біздің елдің жеңіл атлетика федерациясының берген тізімі бойынша ерлер арасында 6 қазақстандық спортшы қатыса алады.

Олар: 400 метрлік қашықтықта - Михаил Литвин, үш қарғып секіруде - Роман Валиев пен Евгений Эктов, биіктікке секіруден - Юрий Дергачев пен Роман Лошкарев, ядро лақтырудан - Иван Иванов.

Дегенмен бұл спортшылардың тізімге ілігетіні не ілікпейтіні әлі белгісіз. Азияның жеңіл атлетика қауымдастығы жақын күндері іріктеу нәтижелерін жария етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или