Қазақстанға қарсы ойнайтын кипрлік бірнеше футболшы белгілі
Кипр құрамасының бас бапкері Христакис Христофору Қазақстанға қарсы жолдастық матчқа шақырту алған бірнеше футболшыны атап өтті.
Sigmalive.com порталының хабарлауынша, қорғаушылар Константинос Лаифис («Стандард», Бельгия) пен Валентинос Сиелис («Канвон», Оңтүстік Корея), жартылай қорғаушылар Григорис Кастанос («Пескара», Италия) пен Андреас Авраам («Лариса», Греция) және шабуылшы Андреас Макрис («Уолсолл», Англия, Д3) құрамаға шақырту алып қойған.
Кипр құрамасының толық құрамы кейін белгілі болады.
Кипр – Қазақстан арасындағы жолдастық матч 22 наурызда Ларнакада өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или