Роналду «Эйбарға» қарсы ойнамайды
«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатының 26-турындағы «Эйбарға» қарсы ойынға қатыспайды.
AS интернет-порталының хабарлауынша, португалиялық ойыншы команданың Мадридтегі таңғы жаттығуына қатыспаған. Соған байланысты команданың бас бапкері Зинедин Зидан Роналдуды алдағы матчқа алаңға шығармауға бел буыпты.
Сонымен қатар, 4 наурызда «Эйбарға» қарсы матчқа жартылай қорғаушы Гарет Бэйл мен шабуылшы Альваро Мората, қорғаушылар Фабиу Коэнтрау мен Рафаэль Варан қатыса алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или