Бэйл екі ойынға шеттетілді

Бэйл екі ойынға шеттетілді

«Реал» клубының ойыншысы Гарет Бэйл Ла Лиганың екі ойынынан шеттетілді.

Оған себеп оның «Лас-Пальмасқа» қарсы ойындағы ерсі қылығы болып отыр. Енді ол сырт алаңда өтетін «Эйбар» мен өз алаңындағы «Бетиске» қарсы ойында командасына көмектесе алмайды.

Естеріңізге салсақ, «Реал» мен «Лас-Пальмас» арасындағы ойын 3-3 есебімен аяқталған. Екінші таймның басында Гарет Бэйл өзінің спортқа жат тәртібі үшін алаңнан қуылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или