Феллайни агенті ойыншыны «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубына ұсынған

Феллайни агенті ойыншыны «Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубына ұсынған

«Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Маруан Феллайни спорттық мансабын Қытайда жалғастыруы мүмкін еді.

«Тяньцзинь Цюаньцзянь» клубының бас бапкері Фабио Каннаваро Феллайнидің агенттері оған хабарласып ойыншыны ұсынғандығын айтты.

«Бізге Маруан Феллайнидің агенттері шығып ойыншыны алуымызды ұсынды, алайда мен оларға басқа пландағы ойыншы қажет екенін айттым», – деді Каннаваро.

Айтай кетейік, биылға маусымда Феллайни АПЛ-да 19 ойынға қатысқан. Алайда қазаннан бері есептегенде негізгі құрамда үш ақ ойынға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или