Кахабер Цхададзе: «Астана» - бұрынғыдан да мықтырақ

Кахабер Цхададзе: «Астана» - бұрынғыдан да мықтырақ

«Халық» командасының бапкері Қазақстан Суперкубогының алдында баспасөз мәслихатын өткізді.  

- Осы маусымда нәтижелі ойындарды көріп, маусымнан жақсы әсер аласыздар деп ойлаймын. Біз жаттығуды кейінге шегеруге мәжбүр болдық. Ауа-райы доппен жұмыс істеуге қолайсыз. 

- Осыған дейін Суперкубок үшін өткен екі матч пенальти сериясымен аяқталды. «Қайрат» пенальти сериясына дайындалып жатыр ма?

- Біз ойынның өзіне дайындалып жатырмыз. Егер пенальти тебу керек болса, біз дайын боламыз.

- Команданың жаңа ойыншылары - Георгий Жуков пен Елдос Ахметовтың дайындығын қалай бағалайсыз?

- Менің ойыншыларым 100%-ға дайын. Осы маусымда өте мықты құрам жиналды. Ертең бәрін өздеріңіз көресіздер. 

- «Астананың» жиынына бардыңыз. Ертеңгі матч алдында нені ескересіз?

- «Астана», әр кездегідей, осындай ойындарға дайын. Командадан Каньяс кетті, соңғы жаттығуларға Максимович қатыспады. Сонымен қатар, алаңға Аздрен Лулаку шығады деп күтемін. Астналықтар әлсірегеннен бұрын, мықтырақ бола бастады деп ойлаймын. Ал, біз өз кезегімізде жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді.  

- Неге Гоудың деңгейіндегі тағы бір шабуылшы алмадыңыздар?

- Біріншіден, ол сияқты шабуылшы табу қазір өте қиын. Қазіргі күні селекциялық жұмыстар жүріп жатыр. 

- Бауыржан Тұрысбекке көңіліңіз тола ма?

- Иә, ол жиында жақсы әсер қалдырды. Мен футболшыларды негізгі және қосалқы құрамның ойыншылары деп бөлмеймін. Маусым ұзаққа созылады және клубтың әр футболшы жақсы нәтиже көрсетуіміз үшін маңызды.

- Ауа-райы жайлы не айтасыз?

- Қазақстан кубогының финалын еске салады. Ертең бәрі дұрысталып, жақсы футбол көрсете аламыз деп үміттенемін. 

- Жаңа маусымда чемпионат жаңа форматпен өтеді. Бұл ережені қалай бағалайсыз?

- Елдегі футбол дамып келеді. Бірақ біз ойлағандай даму үстінде емес. Әлсіз командалар маусым бойы мықтыларға қарсы ойнауы тиіс. Сондықтан да бұл шешімге оң көзқараспен қараймын.

 

Фото Олег Спивактікі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или