«Олд Траффордта» Карриктің құрметіне естелік кездесу өтеді

«Олд Траффордта» Карриктің құрметіне естелік кездесу өтеді

«Манчестер Юнайтед» командасы клубтың ардагері Майкл Керриктің құрметіне өтетін естелік кездесуі жайлы хабар таратты.

Кездесу төртінші маусым күні өтеді. Ойын «Манчестер Юнайтед-2008» және Майкл Керриктің достары арасында өтеді. Эдвин ван дер Сар, Гари Невилл, Рио Фердинанд, Райан Гиггз, Пол Скоулз, Фрэнк Лэмпард, Стивен Джеррард және  Майкл Оуэн аталған кездесуге қатысатыны қазірдің өзінде белгілі. Өзге ойыншылар жайлы ақпар кейінірек белгілі болады.

Ойыннан түскен қаржының бәрі қайырымдылыққа жұмсалады деп көзделуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или