Роналду жол ережесін бұзып, қызылға өтіп кетті (Видео)

Роналду жол ережесін бұзып, қызылға өтіп кетті (Видео)

«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду жол ережесін бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.

Бұл жағдай Испания біріншілігінің 25-ші туры аясындағы «Реал» мен «Лас-Пальмас» кездесуінен соң орын алды. Роналду ойын біткен соң «Сантьяго Бернабеу» стадионынан шығып бара жатып жұртшылықтың көзінше ереже бұзған.

Ең қызығы Роналду ережені полиция қызметкерлерінің көзінше бұзған.

Естеріңізге салсақ, «Реал» мен «Лас-Пальмас» арасындағы кездесу 3-3 есебімен аяқталған. Он ойыншымен қалған «Реал» ойыншылары 1-3 есебімен ұтылып жатқанда Роналду екі гол соғып командасына тең есеп алып берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или