«Астананың» жаңа ойыншылары өздеріне номер таңдады

 «Астананың» жаңа ойыншылары өздеріне номер таңдады

«Астана» футбол клубының барлық ойыншылары жаңа маусымға номерлерін таңдап алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Командаға жаңадан қосылған Аздрен Лулаку Джордже Деспотовичтен босаған 10-шы номерге ие болды. Деспотовичке дейін бұл номермен Игорь Бугаев пен Фокси Кетевоама сынды ойыншылар ойнаған.

Жартылай қорғаушы Иван Маевский жаңа маусымда 18-ші номермен ойнайды. Соңғы рет бұл сан Максим Азовскийге тиесілі болған. Былтырғы маусымда бұл номер бос болды.

Ал Роман Мұртазаев 45, Дидар Жалмұхан 73 саны жазылған жейдемен жасыл алаңға шығады.

Командадның бұрынғы ойыншылары арасынан да номерлерін ауыстырғысы келгендер болды. Жаңа маусымда қорғаушы Игорь Шитов 4-ші, Геворг Наджарян 22-ші номермен ойнағанды жөн деп тауыпты.

«Астананың» өзге ойыншылары сол бұрынғы номерлерімен қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или