Аллегри «Барселона» бапкері атануы мүмкін
«Ювентус» бас бапкері Аллегри келесі маусымда «Барселонаны» жаттықтыруы мүмкін бапкерлер қатарында, деп хабарлайды Mundo Deportivo.
Аллегридің есімі осыған дейінгі «Барселона» бапкері атануы мүмкін деген Рональд Куман («Эвертон») мен Юрген Клопп («Ливерпуль») есімдерімен бірге аталуда.
Сондай-ақ, «Севилья» бапкері Хорхе Сампаолиге де каталондық клуб құда түсіп отыр.
Естеріңізге салсақ, күні кеше Луис Энрике маусым соңында қызметінен кететінін хабарлаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или