Станимир Стойлов бұрынғы клубына дербиде жеңіс тіледі

Станимир Стойлов бұрынғы клубына дербиде жеңіс тіледі

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов өзінің бұрынғы клубы «Левскиге» софиялық ЦСКА мен болатын дербиде жеңіс тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер команда жақсы ойнаса, жеңістің ауылы алыстай қоймас. Жақсы ойын көрсетсең жеңіс те, жүлде де, еуропалық турнирлер де ешқайда қашпайды. Жеңіске жеткен кезде «жаман клуб басшылығы», «нашар жанкүйер» деген ұғымдар жоғалып клуб пен жанкүйерлер арасында алауыздық болмайды. Сондықтан, «Левски» менеджерлері, бапкерлері және ойыншылары ЦСКА-ны жеңіп өз жанкүйерлеріне қуаныш сыйлауы керек. Сол кезде ғана клуб пен жанкүйерлер арасында ауызбіршілік болады», - дейді Стойлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или