«Ньюкасл» ойыншысы «жылдың ең күлкілі голын» соқты

«Ньюкасл» ойыншысы «жылдың ең күлкілі голын» соқты

«Ньюкас Юнайтедтің» франциялық жартылай қорғаушысы Мохамед Диаме жылдың ең қызық әрі күлкілі голын соқты.

Бұл гол Чемпионшиптің (Англияның екінші дивизион) 28-турындағы «Брайтонға» қарсы матчта салынды. 80-минутта «Ньюкасл» ойыншысының соққысынан кейін доп тағы екі футболшының аяғына тиіп, қақпаның «тоғыздығына» кіріп кетті. Доп соңғы болып Диамеге жанасқан соң гол соның атына жазылды.

Әлемдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл «жылдың ең күлкілі голы» деп аталып жатыр.

Диаменің голы таразы басын теңестіріп тастаған, бірақ «Ньюкасл» бәрібір жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или