«Реал» «Лас-Пальмаспен» тең тарқасты (Видео)
Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 25-турында өз алаңында «Лас-Пальмасті» жеңе алмады.
Матчтың есебін мадридтіктер ашқан – Иско көзге түсті. Алайда қонақтар 60-минутқа дейін үш гол соғып тастады. Айта кетерлік жайт, екінші таймның басында Гарет Бэйл алаңнан қуылған болатын.
Ойын аяқталар тұста ғана Роналду дубль жасап, өз командасына бір ұпай сыйлады.
Осылайша, «Реал» екінші орынға түсіп қалды. Көш басында «Барселонадан» бір ұпайға қалып тұр. Алайда мадридтік ұжым бір ойын кем өткізген.
Испания. Примера. 25-й тур
«Реал» - «Лас-Пальмас» 3:3 (1:1)
Голдар: Иско 8, Роналду 86, 89 – Тана 10, Виера (пен) 56, Боатенг 60
Алаңнан қуылды: Бэйл 48
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или