Айсұлтан Назарбаев: Қазақ футболының механизмін қайта құрғым келеді
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев өзінің ҚФФ-дағы жаңа қызметі жайлы айтып берді.
- Кеше ҚФФ-да қызметке кірдім. Ең қызығы, ешкім «уақытша қызмет атқарады» деген жазуды байқамапты. Сондықтан «Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ның вице-президенті» деген жаңалықтар шындыққа жанаспайды. Арнайы заңдылық үдерісі бітпегенше мен әлі вице-президент емеспін.
Көптеген құттықтау хаттары келді, мені сынға алған адамдар да болды. Соңғылар үшін «бәрі түсінікті» еді. Бірақ менің пікірімді күтіп жүрген ақылды адамдарға айтарым...

Барлықтарыңыз менің ҚФФ-ның бұрынғы басшылығына қарсылығымды көрдіңіздер. Бұған дейін айтқан сөздерімнен қайтпаймын. Менің мақсатым – Қазақ футболының механизмін қайта құру.

Менің бұл сөздерім «кәсіби оппозиционер» деген мағынаны білдірмейді. Мен отандық футболдың оппозиционері емеспін! ҚФФ-ның жаңа басшылығымен кездестік. Қазіргі футболдағы жағдайымыз туралы көз-қарасымыз ұқсас екен.
Қазіргі таңда, біздің футболды жаңа деңгейге көтіру үшін барлығымыз ат салысуымыз қажет. Бәріміз бірігуіміз керек. Қазір мен ҚФФ-ның басшысы емеспін, стратегияны мен таңдаған жоқпын. Футболдың өзі бізді бір команда болуға үйретеді. Келіспеушілік, сезімге жол жоқ. Бәріміз тек бір мақсатқа ғана ұмтылуға тиіспіз. Әзірге ҚФФ-да мен жай ғана жұмысшымын. Өз салама жауаптымын.

Менің қызметім ФИФА, УЕФА және ұлттық федерацияларға қатысты барлық мәселелерді шешу. Бір әріптесім марқұм әкімнің біржылдығынан кейін ҚФФ-ға келуім туралы айтты. Мұнда ешқандай символизм жоқ. Әрине, әкемді еске аламын. Оның қол астында УЕФА-ға кіруіміз өте маңызды шешім болғанын бәрі біледі. Қазір Қазақстан Еурофутболда, Еуропа мәдениетінің бір бөлігі! Әкем сияқты футболды дамытуым екіталай, бірақ мен бар күшімді саламын.

Алдағы жоспарым – нақты қызметіме бекітіліп, ішкі жұмыстарды зерттеп, алдағы стратегияға өз үлесімді қосу. Мен ашық әңгімеге әрдайым дайынмын. Достарым, өтініш, Қазақ футболындағы барлық проблемаларды маған жүктемеңдерші. Нақты ҚФФ-дағы ӨЗ ЖҰМЫСЫМА қатысты ой-пікірлеріңізді оқуға дайынмын, - деп жазды «фейсбуктағы» ресми парақшасында Айсұлтан Назарбаев.