БАҚ: Конте «Интерді» жаттықтыруға келісім берді
«Челсидің» бапкері Антонио Конте маусым соңында «Интерге» бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін. Тіпті Конте өз келісімін де беріп үлгерген, деп хабарлайды Tuttosport.
Порталдың мәліметінше италияндық клубта Конте жылына 15 миллион еуро жалақы алады. «Челсимен» келісім-шартты бұзу туралы келіссөз жақын күндері басталады.
Конте «Челсиді» маусым басында қабылдап алған болатын. Ол «Челсиге» дейін «Ювентустің» бапкері болған. Туриндік клубпен Италияның А сериясында үш рет жеңіске жетіп, екі рет суперкубокты ұтып алған.
Қазір ол «Челсимен» АПЛ-да бірінші орында келеді. Екінші орындағы «Тоттенхэм» олардан 10 ұпайға қалып қойған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или