Поль Погба «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлерімен жанжалдасып қалды
«Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба мен команда жанкүйерлері арасында жанжал туындады.
Келеңсіз жайт Манчестердегі мейрамханалардың бірінде орын алған. Погба достарымен кешкі ас ішіп отырған кезде одан қолтаңба сұрап жанкүйерлері келген. «Манчестер Юнайтед» ойыншысы қолы тимейтіндігін айтып, қолтаңба беруден бас тартқан.
Бұл жағдай жанкүйерлердің ашу ызасын тудырып, олар ойыншыға тіл тигізген. Мейрамхана әкімшілігі дер кезінде полицияға хабарласып үлкен жанжалдың алдын алған көрінеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или