Кахабер Цхададзе: Клуб түлектері әлі негізгі құрамға дайын емес
<span>«Қайрат» бапкері алдағы маусым жайлы және клубтың резерві туралы айтты.</span>
- Біз ОЖЖ-да жақсы жұмыс атқардық. Қатарымыз бірнеше ойыншымен толықты. Әлі де бірнеше ойыншымен келісім шарт жасасамыз деген ойдамын. Команда әр ойында жеңіс үшін таласуға дайын.
-Жақында аяқталған Гранаткин Мемориалында біздің жасөспірімдер құрамасы өз тарихындағы үздік нәтижені көрсетті. «Қайрат» ойыншыларынан өзге басқа да жас таланттарды қатарларыңызға қосқыларыңыз келмей ме ?
- «Қайрат» ойыншыларын келсек оларға негізгі құрамға іліну үшін әлі де көп дайындық қажет. Олар әлі физикалық тұрғыдан негізгі құрамның жаттығуларына дайын емес. Біз оларға көп салмақ салсақ ойыншылардың болашағына балта шабуымыз мүмкін. Өзге ойыншылар туралы айтсам, бізде жас дарындарды бақылап олармен жұмыс жасап отырған топ бар. Біз солардың ұсынысымен іске кірісеміз.
- Сізді команданың шабуыл шебі алаңдатпай ма? Себебі Жерар Гоу команда қатарында жалғыз шабуылшы.
- Жерар Гоу ойнайды. Бірақ ол командадағы жалғыз шабуылшы емес. Біз Бауыржан Тұрысбекті шабуылшы шебіні жылжыттық. Ол сол шепте бірнеше ойын өткізді. Сондықтан Гоу командадағы жалғыз шабуылшы емес.