Вахид Масудов: Жолшиев «Ақжайықтың» ұсынысынан бас тартты

Вахид Масудов: Жолшиев «Ақжайықтың» ұсынысынан бас тартты

«Ақжайықтың» бас бапкері Вахид Масудов ұзақ уақыт бойы клубсыз жүрген Жамбыл Көкеев пен Бауыржан Жолшиевке қатысты өз пікірін айтты.  

«Жамбыл Көкеев өте дарынды футболшы еді. Оның ұзақ уақыт бойы ойнамай жүргені Қазақ футболына кері әсерін  тигізді деп ойлаймын. Себебі ол ойлау қабілеті, техникасы жағынан ерекше ойыншы. Кез-келген футболшыны оңай алдай алады...

Ал Жолшиев дейсіз бе? 2009-ші жылы Атырауда жұмыс істегенімде мен клуб директорына айтқанмын: «Білесің бе, менде «Локомотивта» мықты футболшы болған. Есімі Бауыржан Жолшиев. Қазір оның не істеп жүргенін білмеймін...» 

Кейін оны Ақтөбеде тауып алдым. «Бауыр, саған не болды?» деп сұрасам, «Маған футбол ойнауға болмайды деген справка жазып беруі керек» деп жауап берді. Бауыржанның бұл сөздері мені таң қалдырды. Артынша білгенім оның мұрнынан қан аға берген, сондықтан оны негізгі және қосалқы командаға жолатқызбаған.

Мен оған: «Бұл справкаңды алып, менімен Атырауға барасың. Сол жерде бәрін шешеміз» дедім. Екі аптадан кейін справкамен Атырауға ұшып келді. Содан кейін оның үлкен футболдағы жолы басталды.

Әрине, онымен көп жұмыс істедік. Ол біртүрлі адам, кейбір оның қылықтары түсініксіз. Командаластары оны жиі мазақтайтын.

«Ақжайыққа» келгенімде Бауыржанға қайта хабарластым. Өкіншке қарай, бұл жолы ол ұсыныстан бас тартты. «Сендер үнемі ұтыла бересіңдер» деген сөздері маған ауыр тиді», - деді Масудов. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или