«Атыраудан» тоғыз ұпай алынды
Қазақстан футбол Федерациясы «мұнайшыларды» қатаң жазалады.
Бұл туралы ҚКФЛ-ның ресми сайтынан белгілі болды.
FIFA тәртіптік комитеті «Атыраудың» бұрынғы ойыншысы Джонатас Рикардо да Соуза мен бапкер Зоран Филиповичке қарыз ақшаларын өтемегені үшін ҚФФ-дан батыс қазақстандық командадан тоғыз ұпай алып тастауды сұрады. Қазақстан футбол Федерациясы Халықаралық футбол Ассоциациясының бұл өтінішін орындады.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр осындай себепке байланысты <span>«</span>Алтайдан<span>»</span> 9 ұпай алынған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или