Малик Мане Қытайға ауысуға жақын

Малик Мане Қытайға ауысуға жақын

Сенегалдық Малик Мане қытайлық клубтармен келіссөз жүргізіп жатыр.

Отандық БАҚ өкілдерінің ақпараттарына сүйенсек, Мане Қытайдың екінші дивизионында ойнайтын «Нэй Мэнгу Чжунъю» клубынан ұсыныс алған. Малик қытайлық клубпен бір жылдық келісім-шартқа отырмақ. Оның агенті жақын арада Қытайға ұшады.

Айта кетейік, 28 жастағы футболшы былтырғы маусымды «Тараз» сапында өткізіп, Премьер-лигада 30 матчында 13 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или