Fujairah Open-2017 жарысында таэквондошыларымыз 12 медаль ұтты
Қазақстандық таэквондошылар Біріккен Араб Әмірліктерінен 12 медаль еншілеп қайтты, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.
Үш күнге созылған Fujairah Open-2017 додасы БАӘ-ңің Эль-Фуджайра қаласында өтті. Осы жарыста ел намысын қорғаған жерлестеріміз сегіз қола және төрт күміс медальді олжалады. Күміс жүлделерді Гүлім Бибаллаева, Жазира Сапарбек, Айтуар Шайкенов және Айнұр Есбергенова жеңіп алса, қола медальдарды Нұрсұлтан Мамаев, Анаргүл Сабыр, Шахсанам Ачилова, Жансель Дениз, Ербол Бейсенбай, Қайрат Сарымсақов, Смайыл Дүйсебай және Қазыбек Бахтиярұлы иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или