Үздік ауыр атлеттеріміз ел кубогында күш сынайды
Қызылордада 1-5 наурыз аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы мен чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайты.
Еліміздің ауыр атлетикадан басты додасына Астана, Алматы қалалары мен облыстарынан 16 команда 200-ден астам спортшы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі. Жарыстың басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да «Евразия» спорт кешенінде өтеді.
Айта кетйік, аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или