Жас бразилиялық «Реалдан» басқасын менсінбеді

Жас бразилиялық «Реалдан» басқасын менсінбеді

Мадридтік «Реал» «Сан-Паулу» клубының жас ойыншысы Аугусто Галванды сатып алады, деп хабарлайды Globoesporte. <br /><br />Трансфердің құны 3 миллион еуроны құрамақ. Келісімшарт 25 нарыз күні ресми түрде жүзеге асады. Себебі Галван сол күні 18 жасқа толады. <br /><br />Айта кетейік, ФИФА ұйымының трансферлік шектеулеріне сәйкес «Реал» кәмелеттік жасқа толмаған футболшылармен 2017 жылдың жазына дейін келісімшартқа отыра алмайды. Жас жартылай қорғаушыға Реалдан бөлек «Бавария», «Барселона» және «Манчестер Сити» клубтары таласқан. Ал Галванның өзі мадридтік клубты таңдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или