Михайлович: «Олар Раньериге ескерткіш орнатуы керек»

Михайлович: «Олар Раньериге ескерткіш орнатуы керек»

«Торино» клубының бас бапкері Синиша Михайлович «Лестердің» бапкері  Клаудио Раньеридің қызметінен қуылуы жөнінде ойын айтты.

«Өкінішке орай Англияның өзінде италияндық жаман әдет бар. Футболда алғыс деген атымен жоқ. Мен Клаудионы керемет бапкер және досым деп санаймын. Олар оның құрметіне ескерткіш орнатуы керек», — дейді Михайлович.

Ол сондай-ақ Раньеридің қызметінен кетуіне ойыншылардың да қатысы бар деген алып қашпа әңгімеге қатысты да ойын жеткізді.

«Бұл сеңгісіз нәрсе. Олар мүлдем бапкерсіз ойнауы керек. Оларға ұнар ма екен...», —деген Михайловичтің сөзін Football Italia келтіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или