«БИІК-Қазығұрт» «Антальяспорды» тас-талқан етті
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «БИІК-Қазығұрт» екі жолдастық ойын өткізді.
Калоян Петковтың шәкірттері әйелдер арасында Қазақстан чемпионатына дайындығын жалғастыруда. Жиындағы бірінші матчта жерлестеріміз даниялық БСФ командасын 6:5 есебімен ұтылып қалды.
Екінші кездесуінде БИІК түркиялық «Антальяспорпен» күш сынасып, қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Шымкенттік ұжым сапында Светлана Бортникова, Бегайым Қырғызбаева, Екатерина Бабшук және Гульнара Габелия гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или