Жозе Моуринью: «Ибрагимович 40 жасқа дейін ойнай алады»
«Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері Жозе Моуринью шабуылшы Златан Ибрагимовичтің ойыны жайлы ойын айтты.
«Менің ойымша қазір ол «Интердегі» кезінен де мықты сияқты. Ол қазір жинақы әрі ойынды жақсы сезінеді. Златан шабуылды сәтті аяқтап қана қоймайды, ол сол шабуылды тамаша бастай да алады.<br />Ол нағыз көшбасшы және жастармен қалай тіл табысу керектігін жақсы біледі. Менімше ол 40 жасқа дейін ойнай алады. <br />Күндердің күнінде Златан футболдан кету жөнінде шешім қабылдары анық. Сол кезде футбол әлемі оны түсіну керек. Оның жасап жүргені сөзбен айтып жеткізгісіз нәрсе. Алайда ол футболдан кетуі керектігін түсінетін күн келеді», – дейді Моуринью.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или