Ронда Роузи – қатігез қылмыскер

Ронда Роузи – қатігез қылмыскер

Жеңіл салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Ронда Роузи актерлік мансабын жалғастыруда. NBC телеарнасына берген сұхбатында Роузи «Blindspot» сериалының эпизодына түсетінін мәлімдеді.

Фильмдегі басты кейіпкер денесіне сурет салынған әйел адам болмақ. Сюжет бойынша, ФБР басты кейіпкердің денесіндегі суреттерді көптеген қылмыстық  істі анықтаудың кілті деп, әйелдің артына түседі.

f2399370b625c03cf8aa0b556ea15062.jpg

Ал Роузи Девон Пенберти атты әйелдің рольін сомдайды. Фильмде Девон қару-жарақ сатқаны үшін түрмеде отырады. Ол Нью-Гемпширдің «ақ  таулар» мекенінде дүниеге келген. Пенберти - қатігез, спортқа жақын, күресу әдістерін білетін және қару-жарақты еркін қолданатын әйел. Аталмыш фильмнің премьерасы мамыр айына белгіленген.

5e4ac1293881036212706b656ac6161c.jpg

Айта кетейік, бұл Роузидің фильмдердегі алғашқы рольі емес. Бұған дейін жекпе-жек шебері  «Неудержимые 3», «Форсаж 7», «Entourage» фильмдерінде және Comedy Central-дың «Drunk History» сериялына түскен.

e05ce47c31975b10a3624bb032e51ab2.jpg

7c31a6e6df1377ac71019a2895cb4661.jpg

 82c33b2624cd27e553bc434c0dba5561.jpg

Естеріңізге салайын, 2016 жылдың 30 желтоқсан күні UFC 207 аясында Роузи бразилиялық  Аманда Нуньестен бірінші раундта ұтылды. Содан кейін Ронда Роузи октагонға оралатынын ресми мәлімдеген жоқ.  

90cbca41de4cc280c9933db08e09cfba.jpg

Роузи ММА-гі ең танымал спортшылардың бірі. Оның жекпе-жегінде алаң үнемі толық болады. Мамандардың айтуынша, Роузи нәзік жанды арулардың жекпе-жек спортына қызығушылық танытуына септігін тигізген спортшы.

951edefa5fa71743aaf6ab622ab94741.jpg

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или