«Бавария» «Гамбург» қақпасына сегіз гол соқты

«Бавария» «Гамбург» қақпасына сегіз гол соқты

Германия бундеслигасының 22-ші турында «Бавария» өз алаңында «Гамбургты» қабылдап, жеңіске жетті.

Кездесуде «Бавария» ойыншылары қарсыластар қақпасына жауапсыз сегіз гол соқты. Осы ойыннан соң «Бавария» турнирлік кестеде 53 ұпай жинап екінші орындағы «РБ Лейпциг» командасына бес ұпайға ұзап кетті.

Айта кетейік, дәл осы «Гамбургпен» болған ойын «Бавария» бапкері Карло Анчелотти үшін бапкерлік мансабындағы мыңыншы ойын атанды.

«Бавария»– «Гамбург»– 8:0 (3:0)

Голдар: Видаль, 17 (1:0). Левандовски, 24 -пенальтиден (2:0). Левандовски, 42 (3:0). Левандовски, 54 (4:0). Алаба, 56 (5:0). Коман, 65 (6:0). Коман, 69 (7:0). Роббен, 87 (8:0).

Ескерту алды: Дуглас Сантос, 37.

«Бавария»: Нойер, Лам (Рафинья, 67), Хави Мартинес, Хуммельс, Алаба, Роббен, Видаль, Т.Мюллер, Тиагу Алькантара (Коман, 60), Дуглас Коста, Левандовски (Ренату Санчеш, 57).

«Гамбург»: Адлер, Джуру, Маврай, Сакаи, Дуглас Сантос, Холтби, Н.Мюллер (Хант, 62), Грегорич (Экдаль, 60), Костич (Вальдшмидт, 72), Юнг, Уоллас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или