Моуриньо Раньериге қолдау көрсетті

Моуриньо Раньериге қолдау көрсетті

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо «Лестердегі» қызметінен кеткен Клаудио Раньериге қолдау көрсетті.

Португалиялық бапкер баспасөз-мәслихатына «қызыл сойқандардың» жейдесімен келген. Киімінде Раньеридің құрметіне CR деп жазылған.

«Жейдемдегі жазу ма? Бұл премьер-лигада әдемі тарихты жазып қалдырған адамға деген шағын құрметім. «Лестердің» аренасын Клаудио Раньери атындағы стадион деп өзгертуге лайықты. Оның жетістігі – премьер-лига мен футбол тарихындағы ең тамаша нәрсе», - деді Моуриньо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или