Сербиялық және нигериялық футболшы «Ордабасыда» байқауда жүр
«Ордабасы» футбол клубы жаңа екі ойыншыны байқап көрмек.
Шымкенттік клубтың ресми сайтына сүйенсек, Түркияда қазір командамен бірге сербиялық қорғаушы Зоран Рендулич және нигериялық қорғаушы Овие Мондэй Шедрак жаттығып жүр екен. 32 жастағы сербиялық футболшы кезінде белградтық «Црвена Звезда» мен франциялық «Гренобльде» өнер көрсеткен. Ал 24 жастағы нигериялық ойыншы Молдова чемпионатында «Милсами» және «Зимбру» командаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или