Жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты Атырауда өтеді

Жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты Атырауда өтеді

Атырау облысында 25-26 ақпан күндері жекпе-жектен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды батысқазақстандық басылымдар. <br /><br />Аталмыш жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жеңіске жеткен спортшылар ЭКСПО қарсаңында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. <br /><br />Айта кетейік, топ жарған жекпе-жекшілерге спорт шебері атағы берілетін болады. Жекпе-жектер кеші «Атырау» дене шынықтыру нысанында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или