Фергюсон: «Нурмагомедов екі раундтан артыққа шыдай алмайды»
Америкалық Тони Фергюсон ресейлік Хабиб Нурмагомедовке қарсы алдағы кездесуі жайлы пікірін айтты.
«Оны сыйлаймын ба? Әрине. Хабиб қарсылас ретінде құрметке тұрарлық. 24 жеңістен тұратын сериясы бар, бірақ бұл рекорд емес. Ол екі раундтан артыққа шыдай алмайды. Ал мен төрт-бес раундқа дейін бара аламын. Мехикода Рафаэль дос Аньоспен жұдырықтасқанмын, сол кезде оныншы раундқа да дайын болдым», - деді Фергюсон Jay & Dan телешоуында.
Естеріңізге сала кетсек, Тони Фергюсон мен Хабиб Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек 4 наурызда Лас-Вегаста UFC 209 аясында өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы жеңіл салмақта уақытша белбеуге ие болып, кейін Конор Макгрегормен жұдырықтасуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или