«Ювентус» пен «Ман Ситидің» экс-ойыншысы Қазақстанға ауысуы мүмкін болған
«Ювентус» пен «Манчестер Ситидің» бұрынғы шабуылшысы Валерий Божинов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін болған.
Бірақ 31 жастағы футболшыға Қытайдан ұсыныс түсіп, болгариялық ойыншы «Мэйсянь Хаккамен» келісім-шартқа отырды.
«Иә, рас, бүгінде визалық мәселені шешіп жатырмын, артынша Қытайға кетемін. Шынымды айтайын: бұл трансферге көңілім толады – қаржылық тұрғыда бәрі тамаша. Маған құрметпен қарап, клубқа ауысуымды қалады. Қазақстаннан ұсыныс түскен еді, алайда мен Қытайдан бас тарта алмадым», - деді Божинов.
Айта кетейік, Божинов өз мансабында «Ювентус», «Манчестер Сити», «Фиорентина», «Парма», «Спортинг» секілді клубтарда ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или