ҚР Кубогы. Алдын-ала кезеңнің жеребесі тартылды

ҚР Кубогы. Алдын-ала кезеңнің жеребесі тартылды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде Қазақстан Кубогы алдын-ала кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы ҚКЛФ ресми сайты хабарлады.  

Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңінде Бірінші және Екінші лигалардың тоғыз клубы қатысады.

Осы кезеңге қатысушылар үш топқа бөлінген. Топтардың жеңімпаздары және екінші орын алған командалардың арасындағы ең үздігі 1/8 финалына жолдама алады.

Шымкенттік СДЮШОР №7 командасы автоматты түрде А тобына көшіріледі, себебі 8 сәуір күні олар Екінші Лиганың алғашқы турына қатысады.

1 топ: Қызыл-Жар СК, Мақтаарал, СДЮШОР №7. <br />2 топ:  Алтай, Екібастұз, Қыран.<br />3 топ: Жетісу, Каспий, Рузаевка. 

 

2017 жылғы Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңінің күнтізбесі

28 наурыз

Мақтаарал – СДЮШОР № 7 Шымкент

29 наурыз

Екібастұз – Қыран

30 наурыз

Каспий – Рузаевка

1 сәуір

Қызыл-Жар СК – Мақтаарал

2 сәуір

Алтай – Екібастұз

3 сәуір

Жетісу – Каспий

4 сәуір

СДЮШОР № 7 Шымкент – Қызыл-Жар СК

5 сәуір<br />

Қыран – Алтай

6 сәуір

Рузаевка – Жетісу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или