«Ертіс» «Ахал» командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Ертең павлодарлық «Ертіс» түркмениялық «Ахал» командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды қазақстандық клубтың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда «Ахал» ішкі біріншілікте жүлделі орынға сынық сүйем жетпей төртінші орынмен шектелген болатын. Ал «Ертіс» болса Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері атанған.
Естеріңізге салсақ, «Ертіс» соңғы жолдастық кездесуінде Украина біріншілігінде ойнайтын «Волынь» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или